IBA жыл соңында Әлем чемпионатын өткізбекші
Халықаралық бокс қауымдастығы Дубайда жыл соңына қарай Әлем чемпионатын өткізбек. Жаһандық дода 2-13 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады. Турнирге әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберлері қатысып, өз салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Ақпарат «Бірінші бол» сайтында жарияланды. Біріншілік тарихтағы ең ауқымды жүлде қорымен есте қалмақ. Жалпы жүлде қоры 8 миллион доллардан асады. Әр салмақтағы алтын жүлде иегеріне 300 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола алғандарға 75 мың доллардан, сондай-ақ бесінші орын алған боксшылар 10 мың доллардан алады. Қызығы, жүлденің 50%-ы спортшыға, 25%-ы оның жеке бапкеріне, тағы 25%-ы ұлттық федерацияға беріледі.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02