Сидней Олимпиадасына 25 жыл
Осыдан тура 25 жыл бұрын Аустралияның Сидней қаласында ХХVII жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты бәсекесі Қазақстан спортшылары үшін табысты болған еді. Спортшыларымыз 3 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, 199 мемлекеттің ішінде 22 орыннан көрінді. Ширек ғасыр бұрынғы сол жеңісті сәттерге – Асылбек Данияр шолу жасайды.
Ольга Шишигинаның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жеңіл атлетикадан алған тұңғыш жүлдесі. Қарсыластарын шаң қаптырып, олимп шыңын бағындырған отандасымыздың нәтижесін арадан 25 жыл өтсе де әлі ешкім қайталай алған жоқ.
Сиднейдің шаршы алаңында атой салған қазақ боксшыларының да жарқын жеңістерін әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Әсіресе жасындай жарқ еткен Бекзат Саттархановтың ширақтығы мен қайсарлығы ел есінде. Өкініштісі бокстан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпида чемпионы 20 жасында өмірден озды.
Алдымда екі Олимпиада, үш Олимпиада бар. Мен сол Салон, Стивенсон сияқты атақты, аңыз боксшы болсам, деймін. Мен ол жерде тек Аллаға ғана сыйынып және әке-шешемнің шығарып салып жатқанда: «Ал Бекзат Құдай қаласа қазақтың бір чемпионы болшы», - деп шығарып салған. Сол сөздері есімде қалды.
Бекзаттың шешуші жекпе-жегінде Ермахан Ыбрайымовтың майкасын кигені де ел есінде. Көп ұзамай Ермаханның өзі де Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен бірге Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков те финалға дейін жетіп, күміспен қуантты. Бұл – қазақ боксы тарихындағы ең ірі олжа.
Ермахан Ыбрайымов, Сидней Олимпиадасының чемпионы:
Алдыңғы поколение дейді ғой алдыңғы ағалары жүріп өткен жолды қазіргі артымыздан өсіп келе жатқан жеткіншектер соны қайталаса, дейміз. Қайталаса, Олимпиада чемпионы үзіліссіз болып тұрса.
Дүбірлі додада велошабандоз Александр Винокуров пен палуан Ислам Байрамуков та ел мерейін үстем етті. Қоржынымыз тағы екі күміспен толықты.
Бұл Олимпиададан кейін де қазақстандық спортшылар талай белесті бағындырды. Ширек ғасыр бұрынғы сол жеңісті сәттер – ел спорты тарихында алтын әріппен жазылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
