Жанымыз күйіп, жанкүйер болдық
«Қайрат» – «Реал» матчы. Чемпиондар лигасындағы жерлестеріміздің ойынын көруге әркімнің-ақ ынтасы болғаны анық. Сондықтан қолында билеті жоқ, Алматыдан алыс өңірлердегі тұрғындар үшін кеше еліміздің барлық аймақтарында командалар арасындағы тарихи кездесуден тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Жанымызды салып жанкүйер болдық, дейді көпшілік.
Павлодар
Қөңілім онша толған жоқ. 0-5 болған соң бір гол соғуға болушы еді деп ойлаймын. Енді еш ренжу жоқ. Біздің жігіттер үшін үлкен тәжірибе болды. Енді алда мықты-мықты матчтар бар. «Арсенал», «Интер» сияқты өзіміз білетіндей. Енді ең жақсы нәтижелерге ниеттенеміз.
Қарағанды
Ойын көңілден шықты деуге болады. Қайрат барын салды. Жас балалар. Шерхан Қалмұрза көптеген сәттерді алып шықты. Қорғаныстағы қателік, тәжірбие бәрі есептің осылай тіркелуіне алып келді.
Орал
Алаңға барып, билет ала алмасақ та, үйден жанкүйер болуға атсалыстық. Ойынға көңіліміз толғандай болды. Әлі де ірі есеппен жеңілетін бе едік. Дегенмен жігерлік танытқан «қайраттықтарға» әлі де зор үмітпен қараймыз. Әлде де тәжірибе керек. Жақсы-жақсы жаңалықтар күтеміз, «Қайрат» командасынан.
Талдықорған
Кеше мен өмірімде алғаш рет футбол көрдім отбасыммен бірге. Біздің өзіміздің команда «Қайратқа» жанкүйер болу үшін. Футболдың королі, Испанияның корольі болған «Реал Мадридқа» төтеп беру оңай емес. Оның ішінде Шерхан Қалмұрзаны айта өту керек, 18 жаста. Кешегі футбол барлық қазақстандықтардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Әрине тарихи сәт. Ал жігіттерге, тек алға. Алда оларды үлкен болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07