Басты Жаңалықтар «Қайрат» жанкүйерлері: Біз жеңілмедік, біз үйрендік

«Қайрат» жанкүйерлері: Біз жеңілмедік, біз үйрендік

Кеше еліміздің футбол тарихындағы ұмытылмас күндердің бірі болды. «Қайрат» пен әлемнің алып клубы «Реал Мадрид» арасындағы кездесу тек ойын ғана емес, нағыз мерекеге айналды.

«Қайрат» клубы қақпасына 5 гол жіберіп алғанына қарамастан стадионды толтырған мыңдаған жанкүйер, теледидар алдында демін ішіне тартқан миллиондаған қазақстандық өз командасына барынша қолдау көрсетті. «Қайраттың» әрбір пасына, әр шабуылына кірпік қақпай қарап отырды. Ойын аяқталған соң да тарқамай, қала көшелерінде «Қайрат – чемпион!» деп ұрандатты. Бұл – өз футболшыларына деген шынайы махаббаттың көрінісі. Кеше ойыннан «қайраттықтар» көп сабақ алып, жаңа белеске көтерілді. «Реал Мадрид» – әлемдік деңгейдегі клуб. Ал алматылық клубтың жақтастары біз жеңілмедік, біз үйрендік, сабақ алдық дейді.  Себебі нағыз чемпион – ең алдымен өз еліне, өз халқына сүйікті бола білген команда.

Бөлісу