Басты Жаңалықтар Ең озық 20 кәсіпорын – халықаралық көрмеде

Ең озық 20 кәсіпорын – халықаралық көрмеде

Ал Минскіде «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр. Онда еліміздегі ең озық 20 кәсіпорын өз өнімдерін көпшілікке таныстырды. Ал пленарлық сессияда премьер-министр Олжас Бектенов өнеркәсіп саласын цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру бағытындағы шараларды баяндады.

Үкімет басшысы өңдеу өнеркәсібінде бүгінде цифрландыру қарқынды дамып келе жатқан жеткізді. Соңғы жылдарда елімізде инновациялық шешімдерді қолданатын компаниялардың саны 3,5 есе өскен. Бұл өндіріс тәсілін өзгертіп, кооперацияға мүмкіндіктер ашады, сонысымен кәсіпорындарды тиімділігі жоғары деңгейге шығарады. Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешенінде,  машина жасау салаларында заманауи технологиялар үлесі артып келе жатқанын айтты.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Жаһандық ахуалдың өрбу тұрғысынан алғанда жаңа технологиялар салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасына оң әсер етеді. Қазақстан Президентінің бұл мәселеге баса көңіл бөлетіні де сондықтан. Біз деректерді өңдеу орталықтарын, сенімді байланыс арналарын және заманауи технопарктерді қамтитын цифрлық архитектураны қалыптастырып жатырмыз. Озық технологияларды кең ауқымда пайдалану мақсатында Үкімет жанында Цифрлық штаб жұмыс істеп тұр.


Бөлісу