Түркістандық жанкүйер «Қайрат» пен «Реал» логотипін қақпасына салды
Ала доптың аламанын күткен жанкүйерлер ойынды тағатсыздана күтіп, қолдауларын білдіріп жатыр. Түркістандық суретші Рамазан Сәдуақас екі команданың логотипін ауласындағы қақпаға бейнелеп, әлеуметтік желіде көптің қызығушылығын тудырды. Қазір ойға алған суретін аяқтап, соңғы сызбаларын бояп жатыр. 18 жастағы жігіт қақпаға бұл суретті бірнеше күннен бері бейнелеуде. Кешкісін жұмыстан келе салып, бірден қылқаламын қолына алады. Бастапқыда ол тек испандық команданың эмблемасын салуды ойлапты. Өйткені бала күнінен «Реал Мадридтің» жанкүйері. Бірақ кейін ойынан айнып, отандық командаға қолдау көрсетуді шешкен.
Рамазан Сәдуақас, Түркістан тұрғыны:
Өте қуанышты болдым, «Реалмен» ойнайтын болғанына. «Реал» Алматыға келетін болғанына өте қуанышты болдым. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын енді. Сөйтіп осы идея туындады енді. Бір жағына «Реал», бір жағына қазақтың ойыншылары «Қайратты» салуға шешім қабылдадық та.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02