Алматы стадионы айналасындағы жолдар жабылды
Санаулы сағаттардан соң чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойыны басталады. Қазір Орталық стадион маңында көлік қозғалысы шектелген. Тәртіп сақшылары да қала қауіпсіздігін қатаң қадағалауға кірісті. Әріптесім Нұрдәулет Сыздық дәл қазір байланысқа шықты. Нұрдәулет, қаладағы қарбалас басталып кетті ме?
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Рақмет, Армангүл. Сағаттан төрттен бері мына мен тұрған аумақта жолдар жабылды. Мынадай темір қоршаулар қойылды. Бірнеше көшеде қозғалыстың шектелетінін Полиция департаменті алдын-ала ескерткен. Көлікпен қатар электросамокаттардың да жүруіне мүлдем болмайды. Тұрғындар үшін қолайсыздық тудырмау мақсатында стадион маңында тұратын оқушылар да мектептен ерте босатылды. Ата-аналарға балаларын оқудан 4-ке дейін әкетуге рұқсат етілді. Қазір алып шаһардағы қауіпсіздікті 2 жарым мыңға жуық тәртіп сақшысы қадағалап жүр. Оған қоса жолдардың жабылуына байланысты кептелісте әдеттегіден де ұзақ тұрып қалмас үшін жүретін бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Тиісінше такси бағасы да қымбаттауы мүмкін. Алайда жағымды жаңалық та бар. Метро жүру уақытын ұзартты. Ал автобустар Орталық стадионнан шыққан жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03