Трамп пен Нетаньяху Газа бойынша жаңа бейбіт жоспарға уағдаласты
АҚШ пен Израиль Газа бойынша жаңа бейбіт жоспарға келісті. Мұны Ақ үйде өткен кездесуден кейін президент Дональд Трамп пен премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Аталған жоспарға сәйкес палестиналық анклавта әскери операциялар дереу тоқтатылып, «Хамас» кепілдігінде қалған тірі және өлі адамдар 72 сағат ішінде қайтарылуы керек. Бұған қоса сектордан Израиль әскері біртіндеп шығарылып, жергілікті полиция дайындықтан өткізіліп, «Хамас» биліктен аластатылып, Палестина мемлекетін құруға мүмкіндік жасалуы қажет. Бұл ұсынысқа «Хамастың» позициясы әзірге белгісіз. Баспасөз маслихатында Трамп 20 пункттен тұратын жоспарды қабылдаған Нетаньяхуға және оған қолдау білдірген араб және Еуропа елдеріне алғыс білдірді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02