Алматыда Kinoplexx 5 кинотеатры ашылды
Кішкентай көрермен үшін қызықты шоу-бағдарлама, тегін тәттілер мен сусындар ұсынылды. Түрлі ойын ойнатылып, жеңімпаз қонақтарға сый-сыяпаттар табысталды. Алматылықтар үшін жаңа кинотеатрдың ашылуы көңілді мерекеге айналды.
Айдын Бекпауков, «Kinoplexx Theatres» кинотеатрлар желісінің басқарушы директоры:
«Бүгін командамыз үшін – ерекше күн. Біз Kinoplexx желісінің 11-кинотеатрын аштық. Концепциямызда «Кинотеатр үйдің жанында болуы керек» деген ой бар. Оқушыларға мектеп жанында, үйінің жанында болсын, кептелісте көп тұрмасын деп ойластырдық».
Кинотеатрдың артықшылығы көп. Заманауи дыбыс жүйесі мен соңғы үлгідегі проекциялық технологиялар орнатылған. Тағы бір тың тәсіл – «Black box» тұжырымдамасы. Яғни, зал іші тұтастай қара түске боялған. Бұл әдіс бар назарды экранға аударып, көрерменнің кино көруден ерекше әсер алуына мүмкіндік береді.
«Осы кинотеатрдың ашылуына бар күшімізді салдық. Kinoplexx ерекшелігі – бұл салада №1 компания. Экрандары заманауи, креслолары шетелден алынған, даусы сыртқа естілмейді».
Техникалық жабдықталуы мен көрерменге ұсынар жайлылығы жағынан үздік саналатын Kinoplexx Maxima бес залдан тұрады. Бір мезетте 400-ге жуық көрермен кино тамашалай алады. Ал Орталық Азиядағы ең ірі Kinopark-Kinoplexx желісі келесі жылы тағы 6 кинотеатр ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
