Басты Жаңалықтар «Қайрат»-«Реал Мадрид»: Бюджетке 3 млрд теңге түсуі мүмкін

«Қайрат»-«Реал Мадрид»: Бюджетке 3 млрд теңге түсуі мүмкін

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч кезінде бюджетке 3 миллиард теңге түсуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм индустриясы комитетінің төрағасы мәлімдеді. Айтуынша, ойынды тамашалауға шетелден 4 мыңнан астам турист келеді. Қала туристерді қабылдауға дайын екенін, қонақүй мен қызмет көрсету саласында барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Еске сала кетейік, UEFA Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі ойынға билеттер 4 сағаттың ішінде сатылып кетті. Сату платформасына кезекке тұрған 1 миллионнан астам адамның тек 20 мыңдайына билет бұйырды. Ал Mastercard дерегі бойынша, туристер Алматыда орта есеппен 3,5 күн өткізеді және күніне шамамен 441 доллар жұмсайды. Бұл туралы LS ақпараттық агенттігі жазды. Орта есеппен күніне 1,76-2,2 миллион доллар, ал төрт күнде 7-8,8 миллион доллар болады деген болжам бар. Ұлттық банк дерегінше, 1 доллар - 540 теңгенің шамасында екенін ескерсек, бұл тәулігіне 952,2 миллионнан 1,2 миллиард теңгеге дейін, төрт күнде 3,8-4,76 миллиард теңгеге болады деген сөз.


Бөлісу