Басты Жаңалықтар Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту

Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту

Мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту. Президенттің көмекшісі, әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында соңғы кадрлық өзгерістерге қатысты осылай деді. Жолдауда Ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыру басым міндеттің бірі болып белгіленді. Сондықтан бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. «Президенттің көмекшісі ретінде Мұрат Нұртілеу халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Ведомство басшысы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар Премьер-министрдің келісімі бойынша Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованы Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды. Жаңа министр қоғамдағы белсенді қызметімен және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен белгілі» , - деп жазды Руслан Желдібай.


Бөлісу