Астаналық ардагерлер флешмоб өткізді
Халықаралық қарттар күні қарсаңында астаналық ардагерлер флешмоб өткізді. Ұлттық нақышта киінген 50-ден астам зейнеткер, қазақ биін көпшілік назарына ұсынды. Олардың барлығы да сан салада жемісті жұмыс істеп, бүгінде бейнеттен береке тапқан жандар. Қатысушылардың ең үлкені - 87 жаста. Ата-әжелер кейінгі буынға жол көрсетіп, замандастарын белсенді болуға шақырып отыр. Қазіргі күні Астанада зейнеткерлер үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» би үйірмесі жұмыс істейді. Оған 500-ге жуық ардагер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттап жүр.
Ғазиза Қасенова, зейнеткер:
Бәріміз еңбек етеміз, кейін зейнетке шығамыз. Зейнет жасы – өмірдің соңы емес, жаңа кезеңі. Біздің мақсатымыз – ұлттық киімдерді насихаттап, жастарға тәрбие беру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02