Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Удмуртия бірлескен кәсіпорындары көбейеді

Қазақстан мен Удмуртия бірлескен кәсіпорындары көбейеді

Қазақстан мен Удмуртия Республикасының арасында сауда айналымы артты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Удмуртияның әлем елдерімен сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша 3-орынды алады. Екі тарап гуманитарлық салада да ынтымақтастықты бекітпек.

Қазақстанда сатып алатын никель кендері мен концентраттар металлургияда қолданылады. Металдан жасалған бұйымдар мен машина жасау өнімдері Қазақстанға экспортталады. Алдағы уақытта бірлескен кәсіпорындардың санын арттыру көзделуде.

Роман Ефимов, РФ Удмуртия Республикасы үкіметінің жетекшісі:

Бірлескен өндіріс желілерін іске қосуды перспективалы деп санаймын. Бұл шығындарды азайтады, жаңа жұмыс орындары пайда болады және Удмуртия мен Қазақстанның технологиялық тәуелсіздік деңгейі артады.

Удмуртиядан елімізге көшет экспорты 20%-ға өсті. Қазақстанға 1,58 мың шырша, қарағай, шие көшеттері жіберілді. Жыл сайын бизнес өкілдері кездесіп, әріптестік көкжиегін кеңейту мәселелері қаралады.

Анна Слугина, РФ Удмуртия Республикасының экономика министрі:

Өндіріс, құрылыс салаларында әріптестік жоғары. Қазақстан біздің стратегиялық әріптесіміз. Сондықтан өзге де салаларда әріптестікті жандандыру көзделуде.

Удмуртияда Қазақстаннан 41 студент оқиды. Қазақстандық оқу орындарымен де ғылыми ынтымақтастық бар.


Бөлісу