Өзбекстан қоқысты жер астына сақтаудың әдісін енгізе бастады
Өзбекстан қоқысты жер астында сақтау әдісін енгізіп жатыр. Тұрмыстық қалдық екі метр тереңдікте орналасқан контейнерге тасталып, беті жабық болады. Бұл жағымсыз иісті болдырмайды, әрі тұрғындарға ыңғайлы. Мұндай жаңашылдық алдымен туристер көп келетін Самарқанд шаһарында енгізілді. Әзірге пилоттық жоба ретінде сынақтан өтуде. Жер астындағы кешенде барлығы төрт контейнер болады. Әрбірінің сыйымдылығы 550 литрлік. Мұндай қоқыс сақтайтын орын 1500-ге дейін тұрғынға қызмет көрсетуге жеткілікті. Жобаны қолға алған мамандардың айтуынша, бұл әдіс ыстық ауа райында жағымсыз иістің таралуын болдырмайды. Қоқыс желмен ұшпайды. Бір сөзбен айтқанда, аула мен көшелердің санитарлық ахуалын жақсартады.
Бекзод Пайшамов, Самарқан облысы қатты қалдықтарды басқару мен өңдеу басқармасының басшысы:
Тұрмыстық қалдықтар жер астына қауіпсіз түрде жасырылған. Бұл аумақты айтарлықтай таза етеді. Жан-жануарлардың қоқысты шашуына жол бермейді. Жақын арада осындай тағы бес кешен салуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
