Басты Жаңалықтар Қонаев қаласының 55 жылдығы тойланды

Қонаев қаласының 55 жылдығы тойланды

Қонаев қаласына биыл 55 жыл. Мерейтой аясында шаһарда 5 күнге жалғасқан мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл – қаланың облыс орталығы атанғалы алғашқы мерейтойы.

Мереке қарсаңында 15 мыңға жуық тұрғын қаланың орталық алаңына жиналған. Жәрмеңкелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Халқы жайлы. Қаланың дамуы, қаланың өзі ұнады.
Жастарға жұмыс орындары табылып жатыр. Жаңа үй салынып, көп балалы аналар үй алып жатыр. Ең бастысы, ынтымақ бірлігі ғой.

Зиялы қауым Дінмұхаммед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Тарихи тұлға – бүгінгідей қарқынды дамыған қаланың іргетасын қалаушылардың бірі. Содан бері шаһар ұлғайып, 2022 жылы өңір орталығы атанды.

Асылы Осман, қоғам қайраткері:

Құм болып жатқан жерде Қонаев өзінің қазығын қадап, осындай түрленген қаланың бастамашысы болып, осыны айналдырған Қонаевтың ерекше еңбегі.

Соңғы 3 жылда Қонаев қаласына 312 млрд теңге инвестиция тартылған. Өндіріс орындары 418 млрд, шаруа қожалықтары 135 млрд теңгенің өнімін шығарды. Баспанамен қамту үшін 177 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ туризм саласында да өсім байқалады.

Төлеген Кенжебеков, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары:

Биылдың өзінде Қонаев қаласы, Қапшағай көлінің жағасына 1 млн 700 мың демалушы келді. Бұл үлкен көрсеткіш осы бағытта №5 жағажайымыз республикада үздік деп танылды.

Қала халқының жайлы өмір сүруі үшін 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспар әзірленді. Құжатқа сай 67 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады. Бұл бастама шаһарды одан әрі дамытуға септігін тигізбек.


Бөлісу