Иранға қарсы тағы санкциялар жарияланды
Иранға қарсы халықаралық санкциялар он жылдан кейін қайта күшіне енді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Тегеран 2015 жылғы ядролық келісім бойынша өзінің міндеттерін сақтамай отыр деп шешті. Сол себепті санкцияларды қайтаруға дауыс берді. Оған сай Иранға уранды байыту және қайта өңдеуге, бұл елге қару тасымалдауға, баллистикалық зымырандарға қатысты кез-келген әрекетке тыйым салынды. Бұған қоса ондаған ирандық шенеуніктің шетелге шығуына рұқсат жоқ. Бірқатар заңды және жеке тұлғалардың активтері бұғатталады.
2015 жылы АҚШ, Ұлыбритания бастаған 5 держава Иранмен ядролық келісім жасады.
Бұған айырбас ретінде Тегеранның ядролық секторымен байланысты кей санкциялар
күшін жойған еді. Иран парламенті БҰҰ-ның қайта санкция жариялауын заңсыз деп
мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
