Италия Президенті І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты Италия Президентіне Қазақстан және Италия
арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны үшін
табыстағанын айтып, бұл Қазақ елінің шынайы құрметі, барша Италия халқына деген
достық пейілі мен ыстық ықыласының айғағы екенін жеткізді. Мемлекет басшысы
Италия Президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал
беделді саясаткер деп баға берді.
Ал Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды.
Мәртебелі мейман бұл Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан
мемлекеттер басшыларына ғана берілетінін айтты. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысын
әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған
қызметіңізді жоғары бағалайтынын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
