Басты Жаңалықтар Еңбекті қорғау саласында біртұтас цифрлық жүйе құрылады

Еңбекті қорғау саласында біртұтас цифрлық жүйе құрылады


Жыл соңына дейін еңбекті қорғау саласында біртұтас цифрлық экожүйе іске қосылады. Бұл жұмысшылар құқығын, әлеуметтік жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Онда 500 мыңға жуық компания жайында мәлімет қамтылады.  Жаңа жүйеге «Кәсіпорындардың цифрлық картасы», «Еңбек тәуекелдерінің картасы», «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық базасы кіреді. Бұл - мемлекеттік органдардың 20-дан астам дерекқорымен біріктірілген заманауи құрал. Яғни, өндіріс кезінде жазатайым жағдай, еңбек дауы болса, базаға бірден тіркеледі. Кәсіпорындағы мұндай келеңсіздікті уәкілетті органдар бір жерден тікелей бақылай алады. Сондай-ақ медициналық сақтандыру, оңалту бағдарламаларының орындалуы, жалақы төлемдері қадағалауда болады. Сөйтіп жұмыс берушілердің рейтингі жасақталады. Цифрлық жүйе – мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп жасайтын ортақ жоба. Оның мазмұнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ал, техникалық бөлігіне цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі  жауапты

Әлия Жаңабаева, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі департаментінің басқарма басшысы:

Бұл жүйенің негізгі мақсаты - еңбекті қауіпсіз әрі әділ ету. Осы жүйе арқылы мемлекеттік кәсіпорындардағы мәселелерді алдын ала көріп, тез әрекет етіп, еңбек дауының алдын алуға болады. Бұл жүйе арқылы құқығы, жалақы мен әлеуметтік аударымдар бақыланады.


 


Бөлісу