Жұмысшы мамандарды әлеуметтік қолдау тетіктері қандай?
Қазақстанда жұмысшы мамандарды әлеуметтік қолдаудың бірқатар тетіктері бар. Ол еңбек құқығы, әлеуметтік төлемдер, тұрғын үймен, жатақханамен қамту, үстемақы мен жеңілдіктер. Л: Қауіпті және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Қазақстанда жұмысшылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін негізгі құжат бұл – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Еңбек кодексіне сәйкес әрбір жұмыс беруші қызметке қабылданған маманға еңбек шартын ұсынуы тиіс. Шартта лауазымы, жұмыс уақыты, жалақысы, еңбек демалысы, қызметкердің қауіпсіздігі мен қосымша төлемдер толық көрсетілуі керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда азамат Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек инспекциясына шағымдануға құқылы.
Елде жұмыс берушілер көбіне қызметкеріне әлеуметтік пакет ұсынады. Оған медициналық сақтандыру, зейнетақы жинақтарына аударымдар, жол жүру шығындарын өтеу, тамақтану және басқа да жеңілдіктер кіруі мүмкін. Бірақ бұл жұмыс ұсынушы кәсіпорынның ішкі саясатымен реттеледі.
Шаһризада Мәдіхан, заңгер:
Қазіргі таңда Сенатта қарастырылып отырған басты мәселе, ауылдық жерлерде ипотекалық деңгейде үй беру мәселесі. Бұл мегополисте халықтың тығыздығын азайту мақсатында, екіншіден ауылдағы өндіріске және қосымша қызметке жастарды тартуды негізге алып отыр. Осының негізінде ипотека да беріледі, жастар да жұмыспен қамтамасыз етіледі.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңға сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар қарастырылған. Мәселен, кен өндіру, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, металлургия мен машина жасау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру салаларындағы мамандарға жұмыс уақытын қысқарту міндеттеледі. Кей кәсіпорын 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалыс алуға мүмкіндік берсе, енді бірі 2 де 2 жұмыс кестесін ұсынып жатады. Бұл да екіжақты келісіммен реттеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
