Өткен 2 жылда 400-ден астам педагог конкурсқа қатыспай-ақ, басшылық қызметке тағайындалды
Өткен екі жылда 400-ден астам педагог конкурсқа қатыспай-ақ, басшылық қызметке тағайындалды. Бәрі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасына қатысқан. Бұл туралы Мемлекеттік саясатты іске асыруды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы айтты. Басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған жоба Президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған. Бағдарлама ары қарай жалғасып, биыл бірқатар мектеп директорының орынбасары педагогикалық шеберлік орталығында білімін жетілдірді. Қазір олар мамандандырылған мектептерде тәжірибеден өтіп жатыр. Одан соң үміткерлер қорытынды бағалаудан өтіп, Оқу-ағарту министрлігі жанындағы комиссиямен сұхбатқа жіберіледі. Осыдан соң үздік шыққан мамандар кадрлық резервке енгізілмек.
Айман Дүйсембаева, Мемлекеттік саясатты іске асыруды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы:
Өздеріңізге белгілі, директорға деген қажеттілік көп болды. Қазіргі таңда 583 адам осы кадр резерві арқылы оқып, соның ішінде 400-ден астамы білім беру ұйымдарына басшы болып тағайындалды. Соның ішінде 40-ы «Келешек» Ұлттық жобасы бойынша «Келешек мектептеріне» тағайындалып отыр. Қазіргі таңда 428 педагог тағы да оқып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
