«Wabtec» компаниясы Астанада локомотив құрастырады
Америкалық Wabtec компаниясы техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотивті Астанадағы зауытта құрастырады. Бұл жоба кәсіпорынның өз қаражаты есебінен іске асырылады. Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапарында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» мен Wabtec арасында жалпы сомасы 4,2 миллиард долларға келісімшарт жасалған. Келісімге сәйкес, локомотив құрастыруды 2027 жылдан бастау жоспарланған. Көшбасшы кәсіпорын бұған қоса, қосалқы бөлшектерді жөндеуге, сервистік қызмет көрсетуге, ауыл-аймақтағы қызметкерлер үшін әлеуметтік объектілер салуға кіріседі. Жалпы, Wabtec компаниясы 2009 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істейді. Осы аралықта кәсіпорын өндіріске 230 миллион доллардан астам инвестиция құйған. Дәл қазір Астанадағы зауытта жылына 70-ке жуық локомотив құрастырылып жатыр. Тепловоздар сыртқы нарыққа да экспортталады.
Шолпан Омарбекова, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары:
4,2 миллиард доллар – бұл үш бірдей келісімшарттың жалпы сомасы. Соның негізгісі 2027-2036 жылдар аралығында 300 локомотив құрастыру десек болады. Келісімшарт аясында локомотивтерге 18 жыл толық сервистиік қызмет көрсету көзделген. Сондай-ақ диагностикалау үшін Сinetix цифрлық жүйесінің жиынтығын жеткізу жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
