Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастар көбейіп артып келеді

Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастар көбейіп артып келеді

Жамбыл облысында әскерге барғысы келетін жастардың қатары артып келеді. Биыл жыл аяғына дейін облыс бойынша 1 543 жас отан алдындағы борышын өтемек. Қазір Тараздағы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма ішінде жастардың қарасы қалың. Олар күзгі науқан бойынша медициалық тексеруден өтуге келген. Осындағы оннан астам дәрігер болашақ сарбаздардың денсаулығын тыңғылықты тексеріп, әскерге жарамды не жарамсыз екенін анықтайды. Жастардың дені 17 мен 27 жас аралығында. Былтыр қала бойынша 700 жігіт әскерге жіберілсе, биыл олардың саны 60 адамға артқан. Ал күзгі науқанда 350 адам борышын өтеуге бармақ.

Айта кетейік, елімізде бір аптадан бері әскерге шақыру цифрландыру аясында SMS хабарлама жіберу бойынша жүзеге асып жатыр.

Ербол Мұратұлы, Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы:

Қазіргі жастардың әскер қатарына қосылуға деген ниеті әлдеқайда жоғары. Бүгінгі таңда күзгі шақыру науқаны кезінде біз ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметін тәмамдадық. Ендігі кезекте Мемлекеттік күзет қызметі, сосын ҚР Қарулы күштері қатарына жас буынды әскер қатарына жібереміз.


Бөлісу