«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафоны өз мәресіне жетті
Арқалық қаласында Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай өткізілген «Ұлы дала жорығы» халықаралық ат марафоны өз мәресіне жетті. Жарыс «AMANAT» партиясы мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар бұл жоба Президенттің тікелей тапсырмасымен басталғанын атап өтті және ұлттық спорттың дамуына ерекше мән берілетінін айтты. Жарысқа 19 команда қатысты, олардың қатарында Қырғызстан, Ресей және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері болды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Қырғызстан иеленсе, Ақтөбе командасы 2-орынға жайғасты. Ал, Қостанай облысы үштікті түйіндеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02