Шымкентте еңбек күніне арналған жәрмеңке өтті
Шымкентте Еңбек күніне орай өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға жүзден астам жұмыс беруші қатысып, төрт мыңнан астам тұрақты және уақытша жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде қаладағы және өзге өңірлердегі ірі кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін таныстырып, қатысушылар өздеріне ыңғайлы ұсыныстарды таңдай алды. Сонымен қатар, жұмыс күші тапшы өңірлерден келген делегаттар өңіраралық жұмыспен қамту мен ерікті қоныс аудару бағдарламаларын түсіндірді. Мерекелік іс-шара барысында еңбек озаттары мен үздік кәсіпорындар марапатталды. Қатысушылар ұсынылған мүмкіндіктерге өз бағасын берді.
Жанасбек Есмұханбетов, қала тұрғыны:
Абай облысы 55 мыңнан 110 мыңға дейін пәтер ақысын береміз дейді. Қандай мамандық өзіңізге сондай мамандықпен жұмыс тауып береміз дейді. Сосын жалақысын айтады. Ұнаса барып жұмыс істеуге болады. Оның ешқандай қиындығы жоқ. Қазір мысалы жастардың көбі бос жүр. Сондықтан соған қорықпай бара беруге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02