Әлем жаңалықтарына шолу
Әлемді елең еткізген жаңалықтарды ұсынамыз. Францияның бұрынғы президенті 5 жылға сотталып кетті. Әділет органдарының мәліметінше, Николя Саркози бір кездері Ливияның марқұм лидері Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро алған.
Украина президенті соғыс аяқталғаннан кейін отставкаға кетуге дайын. Мұны Владимир Зеленский Американың «Аксиоз» жаңалықтар порталына берген сұқбатында мәлімдеді.
Үндістанның Гималайындағы Ладах аймағында тәуелсіздік талап еткен шерушілер полициямен қақтығысты. Төрт адам қаза тауып, ондағаны жараланған.
Данияның әуе кеңістігіне енген дрондар 4 әуежай маңында байқалды. Олардың Ресейден ұшып барғанына әзірге дәлел жоқ.
Израиль армиясы Газа қаласының орталығына жақындап қалды. «Хамас» шешуші шайқасқа әзірленіп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02