«Қазақстан халқына» қоры – игі істердің ұйытқысы
Қызылорда облысында «Қазақстан халқына» қоры есебінен түрлі әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылды. Осы кезге дейін ұйымның қолдауымен аймақта білім мен медицина саласына 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
13 жасында бір аяғынан айырылған Ержігіт Мұхамедия қиындыққа мойымаған жан. Оның аяққа тұруына «Қазақстан халқына» қоры демеу болды. Шет елдің озық темір протезін киген Ержігіт еркін қимылдап, оңай жүріп-тұрады. Қазір ол өзгелерге көмегін аямай, қол ұшын беріп жүр.
Ержігіт Мұхамедия, қала түрғыны:
«Қазақстан халқы» қоры заманауи жаңа технология бойынша протездерді 29 жасқа дейін біз жас балаларға береміз. Бір жылда мыңға жуық пациент болады.
Жалпы, қайырымдылық қоры - елдегі игі істердің ұйытқысы. Биыл Қызылорда қаласында Қор есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы спорт кешен салынып жатыр. Бұдан бөлек ауыл-аймақтарда медицина, білім және әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге де қыруар қаржы бөлінген.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен өңіріміздің денсаулық сақтау саласына 4 млрд 800 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа облыстық балалар ауруханасында, Жаңақорған, Арал аудандарында қамқорлық орталықтары ашылды.
Сыр өңірінде өткен 4-ұлттық қайырымдылық конференциясына өзге аймақтардан 500-ге жуық делегат қатысып, «Қазақстан халқы» Қорының үш жылдық белесі сараланды. Үш күндік ауқымды шарада қайырымдылық ұйымының алдағы бағыт-бағдары да талқыланбақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
