«Үстірт» ЮНЕСКО мұралар тізіміне енуі мүмкін
Әйгілі «Үстірт» ландшафттары ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Парижде ЮНЕСКО өкілдерімен кездесіп, аталған нысан бойынша номинациялық құжаттаманы ресми түрде табыстады. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленіп, ЮНЕСКО-ға алдын ала бағалау үшін тапсырылды. «Үстірт» – археологиялық ескерткіштер мен табиғи ландшафты бірегей үйлестіретін аралас мұра объектісі ретінде посткеңестік кеңістіктен алғаш рет ұсынылып отыр. ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне Қазақстанның мәдени мұраны насихаттаудағы белсенділігін жоғары бағалап, алдағы уақытта сараптамалық қолдау жалғасатынын жеткізді.
Эрнесто Оттоне, ЮНЕСКО бас директорының мәдениет
жөніндегі орынбасары:
Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы қарым-қатынастар әрқашан достық, сындарлы әрі жемісті болып келеді. Бүгінгі кездесу – ынтымақтастықтың қазіргі және болашақ жобаларын, сондай-ақ Қазақстан ұсынған жаңа нысандарды дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мүмкіндігін талқылауға жақсы мүмкіндік. Біз сарапшылардың өтінімді жақын арада қарап, бұл процесті алға жылжытатынына үміттіміз. Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың жылдар бойы табысты дамып келе жатқанына өте қуаныштымыз
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
