Басты Жаңалықтар «Есірткіге жол жоқ» акциясы: 12 мың жарнама жойылды

«Есірткіге жол жоқ» акциясы: 12 мың жарнама жойылды

Нашақорлық тұтас бір буынның дертіне айналып отыр. Бүгінде 18 мыңнан астам азамат нарколог-дәрігерлердің бақылауында. Оның басым бөлігі жастар. Сондықтан індетпен күрес жұмыстары жыл сайын күшейтіліп жатыр. Мәселен, соңғы бес жылда тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі 143 есеге артқан. Тек биылдың өзінде құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтады. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты да құзырлы органдарға қолқабыс етіп келеді. Олар үшінші жыл қатарынан «Есірткіге жол жоқ!» акциясын жалғастыруда. Науқан ясында 12 мыңға жуық наркограффити жойылып, 5 мыңнан астам жас ерікті түрлі кездесулер мен флешмобтарға қатысты.

Ақерке Ескендірова, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

Бүгінгі таңда өтіп жатқан «Есірткіге жол жоқ!» акциясы бұл жерде жастар өздері Полиция депаратментімен бірлесіп, есірткінің жарнамасын өшіру бойынша жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда ел бойынша 12 мың жарнама жойылды.
 

Бөлісу