Вице-премьер Е.Көшербаев әлеуметтік қолдау орталықтарын аралап көрді
Шымкентке барған Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мегополистегі әлеуметтік нысандарды аралап, халыққа көрсетіліп жатқан қызметтің сапасын бақылады. Президент Жолдауында айтылған міндеттерді орындау бойынша әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға баса мән берді. Үкімет басшысының орынбасары №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Мұнда психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарға арнаулы көмек көрсетіледі. Ғимарат тозғандықтан, жөндеуді қажет етеді дейді мамандар.
Жанат Өтебаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:
Онда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдар тұрады. Нысан 240 орынға арналған, 160 қызметкер жұмыс істейді. Ғимараттың ескі болуына байланысты оны күрделі жөндеуден өткізу үшін республикадан қаржы сұрап отырмыз. Осы мәселені көтердік.
Сонымен
қатар Ермек Көшербаев белсенді ұзақ өмір сүру орталығына да барды. Мұнда
зейнет жасындағы тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Олар спортпен
айналысып, медициналық ем қабылдайды, шығармашылық үйірмелеріне де қатысады.
Сондай-ақ түрлі мәдени және спорттық жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Бүгінде
орталық мамандары 300-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
