Басты Жаңалықтар Александр Бублик – әлемнің 16-ракеткасы

Александр Бублик – әлемнің 16-ракеткасы

Қазақстандық теннисші Александр Бублик спорттық мансабында 8-рет ATP турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз үшін бұл маусым табысты болды деп айтуға болады. Тек биылдың өзінде 5 рет чемпион атанып үлгерді. Осы жеңісінен кейін Бублик әлемдік рейтингтің 16-сатысына жайғасты. Бұл – оның ең үздік көрсеткіші. Жерлесіміз Қытайдағы турнирдің финалында  дүниежүзілік рейтингіде 88-орында тұрған франциялық Валентен Руаемен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қарсыластар оңай берілгісі келмеді. Тартысты өткен матчтың екі сеті де тай-брейкке ұласты. Финалдың екі кезеңінде де бірдей 7:6 есебі тіркелді. Екі сағатқа жуықтаған ойында Бублик 21 эйс жасап көзге түсті. Еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы енді Бейжіңдегі Қытай ашық чемпионатында қатысады. Жекелей және жұптық сында бақ сынайды. Жекелей сындағы қарсыласы, франциялық Адриан Маннарино. Кездесу 26 қыркүйекте өтеді.

Бөлісу