Басты Жаңалықтар Еңбек нарығына қажетті дағдылар мен біліктілікті дамыту мәселесі талқыланды

Еңбек нарығына қажетті дағдылар мен біліктілікті дамыту мәселесі талқыланды

Астанада еңбек нарығына қажетті дағдылар мен біліктілікті дамытуға арналған халықаралық конференция өтіп жатыр. Жиынға Орталық Азия елдерінің саясаткерлері, Еуропалық Одақ пен Батыс Балқаннан келген сарапшылар келген. Үш күн бойы жастарды жұмыспен қамту, оқудан жұмысқа көшу тетіктерін жетілдіру және нақты деректерге сүйенген саясат әзірлеу мәселелері талқыланады. Жиынға қатысушылар жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсерін талқылады. Олардың сөзінше, жаңа цифрлық  дәуірде мамандықтар жоғалмайды, бірақ талап өзгереді. Қазірдің өзінде әлемдегі ірі компаниялардың жартысына жуығы жасанды интеллектіні меңгерген мамандарды іздейді. Сондықтан қосымша білім беру мен сертификаттау жүйесін дамыту маңызды дейді сарапшылар.

Ернат Жүнісов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры: 

Қазір жұмыс істеп отырған мамандардың да 50%-ын қайта даярлау қажеттілігі туындауы мүмкін. Сол себепті жасанды интеллект деп айтқанда көбі мамандық жойылады деп ойлайды. Бірақ мамандық жойылмайды, оның ішкі мазмұны жойылады, оған қойылатын талаптар жойылады. Мысалы, бухгалтерлер есептерді бұрын қолмен есептейтін, енді оны ЖИ жинақтап береді.   
 


Бөлісу