Басты Жаңалықтар Сарапшы: Ата-аналардың цифрлық сауатын арттыру қажет

Сарапшы: Ата-аналардың цифрлық сауатын арттыру қажет

Бүгінде ата-аналардың 40 пайызы баланың интернеттен не көріп, нені оқып жүргенін білмейді. Цифрлық технология дамыған тұста баланы бұлай бақылаусыз қалдыруға болмайды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйытқы болған басқосуда қатысушылар осындай пікір айтты. Сондықтан олар киберқауіпсіздікке ерекше екпін беру керек дейді. Әсіресе ата-аналардың цифрлық сауатын арттыру, интернет кеңістігіндегі баланың қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс. Бұған қоса жасанды интеллектімен жұмыс істеу мәдениетін қалыптасыру да өзекті тақырыпқа айналып отыр.

Ақнұр Тұрдалиева, сарапшы:

Балалармен, ата-аналармен жұмыс істейтін маман ретінде біз ЖИ қолдану мәдениетін енгізу керек деген ойға келіп отырмыз.  40 пайызға жуық ата-аналар балалар цифрлық интернетті қалай қолданатынын қадағаламайды екен. Бұл өте үлкен мәселе деп ойлаймын, тіпті 22 пайызы қандай құралдар бар екенінде білмейді.  
 


Бөлісу