Басты Жаңалықтар Сот сараптамалары орталығындағы зертханалар жаңартылып жатыр

Сот сараптамалары орталығындағы зертханалар жаңартылып жатыр

Сот сараптамалары орталығы зертханалық жабдықтарды жаңартып жатыр. Биыл жаңадан 32 құрал сатып алынған. Оның көмегімен сарапшылар өте аз мөлшердегі синтетикалық есірткінің құрамын дәл анықтай алады. Сондай-ақ тағы бір тың жоба – виртуалды аутопсия. Бұл адам денесін ашпай-ақ, арнайы аппарат арқылы ішкі мүшелерін тексеруге мүмкіндік береді. Алғашқы нәтижелер бұл жүйенің дәстүрлі аутопсиямен бірдей жұмыс істейтітінін көрсетті. Егер бәрі сәтті жүзеге асса, жаңа әдісті ел бойынша қолдану көзделіп отыр. Жалпы сот сараптамасы – әділ және нақты шешім қабылдауға көмектесетін маңызды бөлім. Қылмысты тергеу тиімділігі мен қоғамның сотқа сенімі зерттеу сапасына тікелей байланысты. Сондықтан салаға цифрландыру мен инновациялық технологияларды енгізу өте қажет,-дейді жауаптылар.

Бақытжан Байтілесов, Әділет министрлігі сот сараптамалары орталығының директоры:

Оларсыз сот процестерінде сапалы әрі ғылыми негізделген қорытындыларды қамтамасыз ету мүмкін емес. Жабдықтарды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қазан-қараша айларына жоспарланған. Мұндай қадам елдің сараптамалық әлеуетін күшейтеді және материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға деген ұтымды көзқарасты көрсетеді.

Бөлісу