Басты Жаңалықтар Шымкентте алғаш рет өте сирек кездесетін қатерлі ісікке операция жасалды

Шымкентте алғаш рет өте сирек кездесетін қатерлі ісікке операция жасалды

Шымкенттік дәрігерлер бұған дейін Қазақстанда жасалмаған аса күрделі операцияны сәтті аяқтады. Қалалық Онкологиялық орталықта 37 жастағы науқастың кеңірдегіндегі ісікке резекция жасалды. Алғашында қарапайым тұмау деп ойлағанымен, тексеру барысында сирек кездесетін ісік анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагноз миллион адамның ішінде тек бірді-екілі жағдайда кездесуі мүмкін. 4 сағатқа созылған операция хирург, анестезиолог, эндоскопист секілді бірнеше маманнның үйлесімді жұмыс істегенінің арқасында ойдағыдай өтті.

Меруерт Пайпаева, науқас:

Пульманолог мені КТ-ға жіберіп, тексеріс нәтижесінде ісік бар екендігі анықталды. Кейін операцияны жоспарлап, дайындалдық. Қазір өкінбеймін, жағдайым жақсы.  

Қалалық Онкологиялық орталық жоғары технологиялық операцияларды енгізу үшін шетелдік әріптестермен тығыз байланыс орнатқан. Мамандар шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибелерін арттырады. Енді елімізде бұрын-соңды жасалмаған осындай күрделі операцияны орындауға мүмкіндік бар. Бұл – қазақстандық медицинаның жаңа белесі дейді мамандар.

Самат Исмаилов, қалалық Көпбейінді аурухана директорының орынбасары:

Бұл елімізде алғаш рет жасалған ота. Біз оған бес жыл дайындалдық. Ресейдің Петров атындағы ұлттық орталық мамандарымен тәжірибе алмасып, білімімізді жетілдірдік. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық.  

Бөлісу