Маңғыстауда шағын автобустарға бақылау күшейтілді
Маңғыстауда 10 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатынан кейін, автожолдарда бақылау күшейтілді. Полицейлер әсіресе шағын автобустарды тоқтатып тексеруде. Рейд барысында заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан 20 дан астам жүргізуші анықталған. Сонымен қатар, ел аумағында тіркелмеген шетелдік көліктер айыптұрағына қойылды. Еске салайық, 12 қыркүйекте «Бекет ата» жолында шағын автобус аударылып, 10 адам көз жұмды. Тағы 3 жолаушы ауыр жарақат алды.
Тілекберген Селбаев, өңірлік ПД ЖПҚ басқарма бастығының
орынбасары:
Іс-шараның төрт күнінде барлығы 395 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 46 автокөлік айыптұраққа жабылды. Оның ішінде заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан 22 жүргізуші, алкогольдік масаю күйінде көлік басқарған 8 жүргізуші анықталды. Аталған шара кезінде облыста нарядтардың тығыздығы арттырылып, басты назар шағын автобустарға және минивэндерге бақылау күшейтілді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10