«Pагаса» дауылынан Гонконг пен Тайвань зардап шекті
Биылғы жылдың ең сұрапыл тропикалық циклоны «Рагаса» тайфуны Гонконгқа соққы берді. Ондаған миллион адам зардап шеккен. Тайваньда 14 тұрғын қаза тауып, 130-ға жуығы жоғалып кетті. Ал Филиппин аралдарында дүлей дауылдан 10 адам мерт болған.
Болжамдарға
қарағанда, «Рагаса» бүгін жергілікті уақытпен түстен дейін Қытайдың оңтүстік
жағалауына жетеді. Оның жолындағы Гуанчжоу, Шэньчжэн, Фошань, Дунгуань тәрізді
ірі қалаларда 50 миллиондай адам тұрып жатыр.
Тайфун
қаупіне байланысты 1,9 миллионға жуық адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 700-ден
астам әуе рейсі доғарылды. Сонымен қатар, он шақты қалада мектептер мен кейбір
кәсіпорындар жабылып, қоғамдық көлік тоқтады.
«Рагаса» дауылы өткен аптада Тынық мұхиттың батысында пайда болды. Дүйсенбі күні оның жылдамдығы сағатына 260 шақырымға жеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
