Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді
Мемлекет басшысы Франция Президентімен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланды. Тараптар осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар: энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттары табысты іске асырылып жатқанына тоқталды. Одан бөлек өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мұнан соң, Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен де
келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысы Александр Стуббтың
Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық
және гуманитарлық әлеуетіне ықпал ететініне сенімді екенін айтты. Кездесуде
әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевермен де
кездесу өткізді. Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіреді.
Былтыр екеуара тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады. Кездесуде
минералдарды игеру, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп,
көлік-логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм салаларында серіктестік
мүмкіндіктері мол екені айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
