Ұлы дала жорығы: Мәреге жақындады
Ұлы дала жорығы мәреге таяп қалды. Жарыстың шешуші кезеңі жақындаған сайын командаларға оңай соқпай отыр. Үшінші күннің қорытындысында Алматы қаласының шабандоздары мен Ресейлік ұжым жарысты аяқтады. Таңертеңгі 50 шақырымдық қашықты жүріп өткеннен кейін екі ұжым да жылқыларының жағдайын бағамдап, әрі қарай жалғастыруға шамасы жетпейтінін байқаған. Бұған дейінгі жорықтарда топ жарған ресейлік шабандоздар биыл дайындықтың аздығынан жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Ал Алматы командасының әу бастағы мақсаты үздік үштікке ену еді, алайда бұл межеге жету мүмкін болмады.
Мейірбек Әлмек, Алматы қаласының шабандозы:
Сол қарқынға ілестік. Біздің бір аттың ер-тоқымы дұрыс болмай, иығын басып қалды. Сонымен командамыз тоқтап қалды. Әйтпесе қарқынға ілесуге болар еді. Онымен атымыз болдырып келе жатыр. Қинай бергенімен пайда жоқ.
Бүгін Ұлы дала жорығына қатысушылар Амангелді ауданының маңында аялдады. Ертең оларды кезекті 100 шақырымдық кезең күтіп тұр. Күн қорытындысында ақтөбелік шабандоздар мәреге бірінші болып жетті. Қостанай командасы 5 жылқымен шығып, мәреге 4 жылқымен кірді. Үздік үштікті Жетісу өңірінің шабандоздары түйіндеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
