Басты Жаңалықтар «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны: Қаладағы қауіпсіздік күшейтіледі

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны: Қаладағы қауіпсіздік күшейтіледі

Бүгіннен бастап алматылық «Қайрат» пен әлемге әйгілі «Реал Мадрид» арасындағы ойынға билеттер сатылымға шықты. Тарихи матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтпек. Чемпиондар лигасы аясында өтетін бұл кездесу –  Қазақстан футболындағы ең айтулы оқиғалардың бірі. Матчты көруге мыңдаған жанкүйер жиналмақ. Шетелден де бес мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Сондықтан қаланың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр.

Қуан Нұрақын, тілші:

Міне, дәл осы Орталық стадионда 30 қыркүйек күні Қазақстан футболы тарихындағы ең ірі ойындардың бірі өтпек. Алматылық «Қайрат» пен әлемнің алпауыт клубы – «Реал Мадрид» алғаш рет жасыл алаңда жолығады. Қазірден  қаладағы қауіпсіздік шаралары қолға алынғанЖанкүйерлер стадионға бірнеше деңгейлі тексеруден өтіп кіреді.

Салтанат Әзірбек, Қалалық ПД ресми өкілі:

Жол жүру процесіне қандайда бір өзгертулер енгізіледі міндетті түрде дәл сол күні. Ішінара шектеулер болуы мүмкін. Сондықтан біз азаматтарды алдын-ала ескертеміз. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол жүру ережесін сақтауға шақырамыз.

Тәртіп сақшылары жолаушылар ағыны көп жерлерде тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі де қайта қаралады. Әсіресе, стадион бағытындағы автобустар мен метро желісінде бақылау күшейеді.

Ермек Бахытханұлы, Жол-патрульдік полициясының аға қызмет инспекторы:

Басты мақсатымыз жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтау. Келеңсіз жағдайлар болдырмау. Және келетін қонақтар мен қала тұрғындарын кептеліссіз кешіктірмей кіргізу орталық стадионға.

Қуан Нұрақын, тілші:
Ойын кезінде 2,5 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылады. Сондай-ақ, стадион маңы ғана емес, әуежай, қонақүйлер мен орталық көшелер де осындай бейнебақылау камералары арқылы қатаң бақылауда болады.

Бұл тек футбол матчы емес — ел имиджі үшін үлкен жауапкершілік. Қазір дайындық барлық деңгейде жүріп жатыр, - дейді тәртіп сақшылары.  Ойын 30 қыркүйек күні, кешкі сағат 21:45-де басталады.

Бөлісу