Басты Жаңалықтар Достық үйлерінің республикалық I конгресі өтті

Достық үйлерінің республикалық I конгресі өтті

Өскемен қаласында жаңа Достық үйі салынады. Бұл қоғамдық-келісім мекемесі  ерекше маңызға ие. Өйткені еліміз бойынша ең алғашқы  Достық үйі шығыста ашылған. Ал бүгін Өскеменде Достық үйлерінің I республикалық конгресі өтті. Оған еліміздегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының  әр облыстағы өкілдері мен жетекшілері қатысты. Қазір ел бойынша 33 Достық үйі жұмыс істейді. Конгерсте  қоғамдық келісім орталық басшылары  жұмыс тәжірибесін бөлісті. Мәселен шығыстағы Достық үйінде соңғы үш жылда «кел сөйлесейік»  және «қонақжай отбасы» жобалары іске асып келеді. Мемлекеттік тілді үйретуге арналған бұл жобалар біртіндеп нәтиже бере бастады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары осындай істер әр өңірде атқарылуы керек, деді.

Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:

33 жыл бұрын алғашқы Достық үйлері осы жерде құрылған еді. Бүгін сол үйлердің алғашқы республикалық конгресін өткізу ерекше символдық мәнге ие. Бұл бірінші жиында 33 жылда жинақталған тәжірибе сараланып, ой бөлісу, талқылау және алдағы мақсаттарды айқындау көзделіп отыр.


Бөлісу