Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Жиын барысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов нашақорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру қорытындысы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ осы зиянды заттардың саудасын тежеу бойынша 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы ұсынылды. Ерлан Қарин нашақорлыққа қарсы күрес әрдайым Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін еске салды. Басқосу соңында ұсыныстар әзірленіп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты органдарға арнайы тапсырмалар берілді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02