Түркияда жұмыссыздық көбейіп барады
Түркияда жұмыссыздық артып барады. Өткен айда ресми мәліметке сай жұмыссыздық деңгейі 10 пайыз болған. Алайда мамандар нақты жағдай бұдан әлдеқайда нашар деп отыр. Олардың айтуынша еңбек жасындағы 10 млн адам екі қолға бір күрек таппай отыр. Бауырлас елдегі еңбек нарығы туралы толығырақ бізбен байланысқа шығып тұрған Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияда жұмыссыздық деңгейі жыл өткен сайын өсіп барады. Әсіресе жастар арасында жұмыссыздық көп. Ресми мәліметтерге сай 18 бен 24 жас аралығындағы тұрғындардың 31 пайыздан астамы жұмыссыз жүр. Бұл әлемдік стандарттармен салыстырғанда өте көп. Дегенмен әлеуметтанаушы мамандар бұл тек экономикалық көрсеткіштерге байланысты мәселе емес дейді. Себебі қазір Түркияда жастардың көбі ауыр жұмыстан, қызмет көрсету саласындағы мамандықтардан қашады. Яғни, қарапайым құрылысшы немесе шаштараз болғысы келмейді. Көбі жалақысы жоғары мемлекеттік қызметке немесе банк саласына барғысы келеді. Осыдан кейін де елде жұмыссыздық деңгейі өсіп барады, ал қызмет көрсету саласында өзге елдің азаматтары жұмыс істеп жүр. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін Түркияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындады. Оған сай жастарды еңбекке баулу және жұмыссыздарды қажетті мамандықтарға оқытатын қысқа мерзімді курстар ашу көзделген. Сондай-ақ жұмыс іздеген адамдарға арнайы мамандар тегін ақыл-кеңес береді.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Отандық стартаптарға бағыт-бағдар беретін платформа
10.11.2025, 20:59
Димаштың Испаниядағы алғашқы концерті аншлагпен өтті
10.11.2025, 20:52
Зейнетақы жинағын ипотеканың мерзімін қысқарту үшін пайдалануға болады
10.11.2025, 20:33
Балалар үйіндегі өрт: Ғимарат 3 айда қайта қалпына келтіріледі
10.11.2025, 20:25
Елімізде 200 мыңнан астам адам IT саласында жұмыс істеп жатыр
10.11.2025, 20:23
«Сапасыз құрылыс» бабы бойынша тергеу басталды
10.11.2025, 20:18
«Терісащыбұлақ» су қоймасының тозығы жетіп тұр
10.11.2025, 20:15
Депрессияға түскендер демалысқа шыға алады
10.11.2025, 20:12