Палестиналықтар өздерінің мемлекеттігін мойындаған елдерге қолдау білдірді
Палестиналықтар өздерінің мемлекеттігін мойындаған Батыс елдеріне қолдау білдіріп шеруге шықты. Мұндай акция бүгін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында өтті. Демонстранттардың кейбіреуі Канаданың және өзге де елдердің туын ұстап шыққан. Естеріңізге сала кетсек, Палестина мемлекетін соңғы күндері Британия, Канада, Австралия, Португалия мойындады. Сонымен қатар осындай шешімді Франция Біріккен Ұлттар Ұйымында Сауд Арабиясымен саммит өткізіп қабылдауға дайындалып жатыр.
Доктор Мұхаммед Шалалдех, Әл-Құдс университетінің профессоры, сарапшы:
Әлемнің кейбір елдерінің, әсіресе ықпалды мемлекеттердің елдікті мойындауы өте маңызды заңдық құндылыққа ие. Оның нәтижесінде палестиналықтар халықаралық резолюцияларға сүйеніп, мемлекет құру құқығына ие болады. Және де мұның арқасында Палестина шетелде миссиялар мен елшіліктер ашып, өзін таныған мемлекеттермен саяси, экономикалық, сауда және өзге де екіжақты келісімдер жасай алады.
Израильдің
әсіре оңшыл үкіметі болса, Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермейтінін
ескертті. Айта кетсек, 2023 жылы Израильдің оңтүстігінде 1200 адам өлтіріліп,
251-і кепілге алынғаннан кейін Газа секторында «Хамаспен» соғыс басталды. Сол
шайқас барысында Израильдің шабуылдарынан 65 мыңнан астам палестиналық мерт
болып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың министрлер кабинті қазір үлкен жаһандық
сынға ұшырап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
