Басты Жаңалықтар Сумо аңызы Хакухо Шо Қазақстанға келді

Сумо аңызы Хакухо Шо Қазақстанға келді

Сумо тарихында аты аңызға айналған, 45 рет чемпион атанған Хакухо Шо Қазақстанға келді. Даңқты жапон балуаны, 69-ёкозуна «Qazsport» телеарнасына да арнайы келіп, сұхбат берді. Әңгіме барысында спорттық мансабындағы жетістіктері мен оған жету жолындағы қиындықтары туралы сөз қозғады. Сонымен бірге елімізде осы спорт түрінің қалай дамып жатқаны жайында пікір білдірді. Сапар барысында чемпион Астана қаласының әкімімен, қазақстандық кәсіпкерлермен, сондай-ақ сумоны дамыту перспективаларын талқылау үшін Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен кездеседі. Бұдан бөлек сумодан Ұлттық құрама спортшыларымен жолығып, шеберлік сабағын өткізеді.

Айта кетейік, Хакухо Шо – бірнеше рекордтың иесі. Мансабында 1187 рет жеңіске жеткен.

Хакухо Шо, Сумодан 45 дүркін чемпион:

Қазақстанға келгенімнің басты себебі – мұнда ағам мен досым тұрады. Олар мені екі жылдан бері шақырып жүрген. Сол себепті шақыруды қабыл алдым. Жақында Тайваньда өткен Әлем чемпионатына Қазақстан қатыспады. Ал негізі мұнда күрес түрлері жақсы дамығанын білеміз. Сондықтан қазақстандықтардың біріншілікте болмауы мен үшін күтпеген жайт болды. Сапарымның тағы бір мақсаты – осындағы сумоның дамуын өз көзіммен көріп, оған қандай үлес қоса алатынымды анықтау.


Бөлісу