Түркістандық оқушылар робототехника чемпионатында жеңімпаз атанды
Түркістандық жасөспірімдер халықаралық робототехника чемпионатында жеңімпаз атанды. №33 білім ұясының оқушылары еліміздегі «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушыларымен бірге қатысып, Қытайдан жеңіспен оралды. Олар Макао қаласында өткен First Lego League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті. Бұл робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар бағытындағы Азиядағы ірі алаң саналады. Әлемнің 30-дан аса елінен 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Жарыс тақырыбы - «Су асты әлемін зерттеу». Үш күндік бәсекеде қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креатив және топтық жұмыс бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.
Гауһар Амангелді, оқушы:
Екінші рет жарысқа барғандықтан, біз барлығын көрдік, зерттедік. Алда тағы нәтижелер болғандықтан, біз сол нәтижені көреміз және де біз ол жерде номинация ұтып алған болатынбыз. 500 команданың арасынан біз өзіміз номинация алғандықтан, біздің қуанышымызды айтып жеткізе алмаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
