Басты Жаңалықтар Сарапшы: Alatau city – инвестициялық мүмкіндіктер қаласы

Сарапшы: Alatau city – инвестициялық мүмкіндіктер қаласы

«Сан саланы жаппай цифрландыру ел экономикасын дамытуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе Мемлекет басшысы ұсынған Alatau city жобасы стратегиялық тұрғыдан ерекше статусқа ие». Бүгін Президент Жолдауын талқылаған сарапшылар осылай деді. Себебі Alatau city Орталық Азиядағы тұңғыш толық цифрлық қала болмақ. Онда заманауи технологиялар енгізіліп, тауарлар мен қызметтерді криптовалютамен төлеу мүмкіндігі қарастырылмақ. Мұндай креативті қала еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін бермек. Сондай-ақ басқосуда сарапшылар адам капиталын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық қуатын нығайту жөнінде де өз ойларын айтты.

Ғабит Матаев, сарапшы:

Alatau city жобасы біздің инвестициялар тарту мақсатына көп мүмкіндік беріп тұр. Сол қаланы өсіру, дамыту біздің мақсатымыз. Президент жарлығымен ерекше құқықтық статус беріліп отыр. Ерекше статус инвестициялар, инновациялар тартуға мүмкіндік береді.


Бөлісу