Елордалықтар чемпионды салтанатты түрде қарсы алды
Кеше түнде елордалықтар грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен жарысқа қатысқан басқа да спортшыларды әуежайда салтанатты түрде қарсы алды. Осы күрес түрі бойынша Қазақстанның XXI ғасырдағы тұңғыш чемпионын тілшіміз де күтіп алған болатын.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Түнгі сағат 01.00 болды. Әуежайда тұрмыз. Хорватияның астанасы Загреб қаласында күрестен Әлем чемпионатына қатысқан спортшыларымызды қарсы алайын деп тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жерлестер, жанкүйерлер көптеп жиналып жатыр. Барлығы елеңдеп, тағатсыздана күтіп тұрғаны рас, себебі қазір санаулы сәттерден кейін ұшақтан түседі.
Айдос Сұлтанғали, Грек-рим күресінен Әлем чемпионы:
Осы 99 жылдан бері алтын болмай келе жатыр. Боксты қараймыз, бокстан алтын шығады, жақында еркін күрестен шықты. Сол біздің күресті серпін беруге осы әдемі мүмкіндік болды. Оны енді жіберіп алу болмайтын болды. Барымызды салып, шүкір, алтыннан алтын тағып келдік. Тарихты жаңартқаныма өте қуаныштымын.
Қонысбек Төкенов, Грек-Рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері
Менде кадеттер арасында Әлем чемпионы бар, жастар арасынан екі рет Әлем чемпионы бар. Енді ересектер арасында бір арманым болған, сол арманыма жеттім. Енді 2028 жылы Олимпиада чемпионы болсам деген мақсат қойып отырмын.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Осылайша, Әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы бір алтын және екі қола медальмен аяқтады. 76 елден 776 балуан қатысқан жаһандық жарыс үшін бұл жаман көрсеткіш емес. Ал, келесі Әлем чемпионаты 2026 жылы Бахрейннің Манама қаласында өтеді. Сол кезде балуандарымыз қоржынды медальге толтырады деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе жастары еңбек ардагерлеріне көмектесуді дәстүрге айналдырды
23.09.2025, 14:24

Жасыл энергетика – жарқын болашақтың кепілі
23.09.2025, 14:21
Сарапшы: Alatau city – инвестициялық мүмкіндіктер қаласы
23.09.2025, 14:18
Сиыр етіне байланысты жедел желі іске қосылды
23.09.2025, 14:15
Атырау облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр
23.09.2025, 14:12
Биыл 24 млн тонна астық бастырылады
23.09.2025, 14:09
Дания мен Норвегияда дрондардың кесірінен рейстер доғарылды
23.09.2025, 14:06
Италияда Газаны қолдаған жалпыұлттық шеру өтті
23.09.2025, 14:03