«Ұлы дала жорығы»: Жетісу облысының командасы алда келеді
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші жарыс күні аяқталды. Әзірге 250 шақырымның қорытындысы бойынша Жетісу облысының командасы алда келеді. Екінші орында Қырғызстан-1, үздік үштікті Ұлытау командасы қорытындылайды. Таңертең 15 команда жорықты жалғап, Қостанай облысындағы Жангелдин ауданы Қызбел ауылынан шығып Бидайық ауылына аялдап, қайта Қызбел ауылына келді. Өкінішке қарай, Қырғызстан-2, Абай облысы мен Бірлік командасы жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, дүбірлі дода Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр. Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25 қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында аяқталады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30