Amazon Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабы ретінде қарастырады
Президент Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады. Тараптар цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтың жай-жапсарын талқылады. Мемлекет басшысы Amazon компаниясымен Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді. Бұл ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Amazon сондай-ақ Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр. Президенттің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол қойды. Соған сай Amazon Kuiper компаниясы Алматы, Ақкөл және Ақтау қаласында өзінің жердегі инфрақұрылымын жасатпақ. Бұл жобаға 200 миллион долларға жуық инвестиция салынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
