Басты Жаңалықтар PepsiCo компаниясы снэк шығаратын зауыт құрылысына кірісті

PepsiCo компаниясы снэк шығаратын зауыт құрылысына кірісті

Әлемге әйгілі PepsiCo компаниясы Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар. Бұл туралы Мемлекет басшысымен кездескен PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихо айтты. Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания өкілі 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті екенін жеткізді. Айтуынша, бағдарламаға еліміздің 5 өңірінен 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның орнықты агрошаруашылықты дамыту бастамасына қолдау білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдік өндірістің уақтылы іске қосылуына барынша жағдай жасайтынын айтты.

Cтивен Кихо, PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы:

Президент мырза, қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Бүгінгі Нью-Йорктегі жұмыс күніңізді бізбен кездесуден бастағаныңызға ерекше қуаныштымыз. PepsiCo компаниясының Қазақстанға салған инвестициясы – біздің ең маңызды әрі мақтан тұтатын жобаларымыздың бірі. Бұл біздің экожүйеміздегі снэк шығаратын ең үлкен зауыт санатында болады. Біз өндірістің тезірек ашылып, толық іске қосылуын асыға күтеміз. Зауыт келесі жылы маусым айында ашылады деп үміттенеміз.


Бөлісу